2015 жылғы 28 желтоқсан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кадр қызметі департаменті (Омарова Г.) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға оның жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға қатысты таралады.
Министр Б. СҰЛТАНОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму Министрінің міндетін атқарушы ______________ Е.Біртанов
2015 жылғы 31 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №698 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
А БЛОКГЫ - БАСҚАРУ ПЕРСОНАЛ
Буы-ны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы
А1 1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің басшысы
А1 1-1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
А3 1 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі бөлімінің басшысы
В БЛОГЫ – НЕГІЗГІ ПЕРСОНАЛ
Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы
В1 5 «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің сарапшы-талдаушы
С БЛОГЫ - ӘКІМШІЛІК ПЕРСОНАЛ
Буы-ны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы
С1 Шаруашылық бөлімшенің меңгерушісі: қойманы, шаруашылықты, гаражды
С2 Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: ветеринарлық дәірігер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы
С3 Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: ветеринарлық фельдшер, барлық мамандықтар инженері, бағдарламалаушы, аудармашы, зертханашы
D БЛОГЫ - КӨМЕКШІ ПЕРСОНАЛ
Буыны Функционалдық блок сатысы Лауазымдар атауы
D Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, іс жүргізуші, комен-дант, оператор (компьютерлік техника, көшірме машиналар, компьютерлік құрылымдарға, байланыс жүйелеріне қызмет көрсету), кассир, хатшы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12971 болып енгізілді.